Полицейлердің балаларына жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінің 5-12 жас аралығындағы балаларға арналған «Ертегілер елінде» атты мерекелік шыршасы Жұмыскер мәдениет үйінде өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Көңілді мерекені құттықтау сөзбен ашқан Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әділхан Байдосов бүлдіршіндерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Айта кетейік, мерекелік іс-шараға 200-ге жуық бала қатысты. Сондай-ақ, әртістер жас көрермендер алдында өнер көрсетіп, әдемі киімдерімен балаларды ертегі атмосферасына жетеледі. Мультфильм кейіпкерлері бүлдіршіндерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Сонымен қатар, балалар үшін Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді.