Облыс әкімінің орынбасары Мақат ауданында болды

Іссапар барысында алдымен Доссор кентіндегі мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығымен танысты.

Одан бөлек, Мақат кентіндегі бос тұрған әкімшілік ғимаратқа барып күрделі жөндеуден өткізіп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына айналдыру үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптама оң қорытындысын алғандығы айтылды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы бірқатар білім нысандарын аралап, ғимараттардың қазіргі жай-күйімен танысты.

Атап айтқанда, Мақат кентіндегі Л.Шахатов атындағы жалпы орта мектебі, Х.Санбаев атындағы жалпы орта мектебі, «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасына барды.

Аталған нысандардың жайымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев іс-сапар соңында барлық жұмыстарды бағамдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

"Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі"