Келесі жылы Нұрсая шағынауданындағы 9 қабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Өткен жылы «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен «Атырау Ж.Б.И.-2005» ЖШС, «MBS Capital» ЖШС арасында «Атырау қаласындағы Нұрсая шағын ауданындағы 9 қабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы» нысанына кепілдік беру туралы келісімге қол қойылды. Шартқа сәйкес, Нысанды 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей пайдалануға беру керек еді.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «MBS Capital» ЖШС өтініштері негізінде Бірыңғай оператор құрылыс мерзімін үш рет ұзартуды мақұлдады (2022 жылғы 1 қыркүйектен 2023 жылғы 1 маусымға дейін); Ұзарту мерзімі аяқталғаннан кейін Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталмаған және Нысанды пайдалануға беру дайын емес болып шықты.
Қасиет Бахкерейқызы