«Maqat tynysy» газетіне жазыл да, сыйлық ұтып ал!

“Мақат тынысы” газеті оқырмандар арасында ұтыс ұйымдастыруда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Газетке жазылу бағасы - 1400 теңге. Осы орайда, оқырмандарды 10 тұрмыстық техника (ұялы телефон, шаңсорғыш, бу үтігі, “Asel” пеші, еттартқыш, чемодан, қысқатолқынды пеш, вафельница, блендер) мен 30 мың теңгелік “Мечта” сауда үйіне 10 дана сертификат және басқа да ынталандыру сыйлықтары күтіп тұр. Ал, ең басты сыйлықты редакция әзірге құпияда ұстап отыр.

 "Ұтыс 28 маусымға дейін жалғасады. 30 маусым күні жеңімпаздарды инстаграм парақшамызда тікелей эфир арқылы анықтайтын боламыз. Газетке редакциямызға келіп немесе +7 (778) 934-68-43, +7 (702) 163-27-10 байланыс нөмірлері арқылы онлайн жазылуға болады" дейді ұйымдастырушылар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ