Бүгін Атырау қаласының бірнеше шағынауданында электр қуаты өшіп қалды. Жергілікті энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі жарықтың өшуін МАЭК-тегі №1 энергия блогының тоқтатылуымен байланыстырған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстау атом электр комбинаты баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 3 шілдеде жергілікті уақытпен сағат сағат 17.31-де №1 энергия блогының жұмысы тоқтатылған. Бұған ТЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуі себеп болған.
«Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін тоққа еш шектеу жоқ. №1 энергия блогында салқындаған соң, 5 шілдеде сағат 00:00-ден кейін жөндеу басталады. Салқындату бір тәуліктен астам уақытта жүргізіледі. Осыған байланысты №1 энергия блогында 6 шілдеде сағат 00:00-ге дейін шұғыл жөндеу жүргізуге өтінім берілді», -деп хабарлады МАЭК баспасөз қызметі.