Мамырда неше күн демаламыз?

Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады. 

Egov.kz мемлекеттік порталының күнтізбесіне сәйкес мамырда үш бірдей мереке бар. 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні 7 мамыр – Отан қорғаушы күні 9 мамыр – Жеңіс күні. Осылайша қазақстандықтар мамыр мерекелерінде төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр. Еске салсақ, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады.

Айта кетейік ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.