Махамбетте жыл үздіктері анықталды

Махамбет ауданы, “Өнерпаз” мәдениет үйінде «Жыл үздігі – 2023» марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев өз салалары бойынша үздік атанып, еңбегімен танылған әр саланың өкілдерін құттықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– Алдымен баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! 2023 жылды қорытындылай отырып, халқымыз үшін әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген жандарға «Жыл үздігі-2023» номинациясын табыстағалы отырмыз. Марапаттарыңыз құтты болсын! – деп жылы лебізін білдірді.

Аудан басшысы жыл үздіктерін марапаттап, құрмет көрсетті. Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін “Махамбет ауданының Құрметті азаматы және Құрмет грамотасымен бірқатар азаматтар марапатталады.

— Шанаев Толағай Зинешұлы – “Мейірім” ЖШС клиникасында көз дәрігері, денсаулық саласының ардагері

— Шотпақов Сағынғали Нысанбайұлы – Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері

— Арыстан Серік Бисешұлы – “Атырау Мұнай Өңдеу зауыты” ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс, мемлекеттік органдармен, мердігер ұйымдармен жұмыс және әкімшілік сұрақтар бойынша департамент директоры

— Иманалин Артур Бақтығалиұы – жеке кәсіпкер (Құрмет грамотасы)

Жыл үздіктері:

«Білім саласының үздігі» – Жалғансай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Меңдігереева Жансая Абзалқызы;

«Үздік медицина қызметкері» – “Махамбет аудандық аурухана” ШЖҚ КМК-ның перзентхана бөлімінің медбикесі Таменова Мустахима Ыбырайқызы;

«Үздік мемлекеттік қызметші» – Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Даулетқалиев Жасулан Лесұлы;

«Үздік аграрлық сала қызметкері» – “КазАгроНова” ШҚ-ның жетекшісі Кан Андрей Георгиевич;

«Үздік кәсіпкер» – жеке кәсіпкер Туманова Нұргүл Сағытжанқызы;

«Үздік коммуналдық сала қызметкері» – “А.Иманалин” жеке кәсіпкерінің қызметкері Гумаров Марал Өсекешұлы;

«Қаржы саласының үздігі» – Махамбет аудандық салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы Бекқалиева Гүлсім Жақсылыққызы;

«Үздік мәдениет қызметкері» – “Өнерпаз” мәдениет үйінің директоры Идрисов Ербол Мусалимұлы;

«Үздік полиция қызметкері» – Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Умирзаков Алмас Сагинбаевич;

«Үздік әлеуметтік сала қызметкері» – Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Картжанова Алмажай Байкуатқызы;

«Үздік энергетик» – Атырау Жарық» АҚ Махамбет аудандық электр желісі мекемесінің бас инженері Мусагалиев Ерлан Дидарбекұлы;

«Үздік қорғаныс істері қызметкері» – Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметке шақыру жөніндегі инспекторы Жұмағалиева Райса Халыққызы;

«Үздік өрт сөндіруші» – Махамбет ауданы №11 ӨСБ-нің автокөлік жүргізушісі Талғатов Асылбек Талғатұлы;

«Үздік мал дәрігері» – Есбол ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері Қуатбаев Даулет Демеуұлы;

«Үздік меценат» – жеке кәсіпкер Габдуллин Бағытжан Қабдоллаұлы;

Сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хатымен “West Dala” ЖШС-нің бас директоры Салахаденов Қайрат Шаменұлы, “Атыраумунай” ЖШС-нің директоры Кужагалиев Бекәділ Орынбасарұлы, облыстық №2 арнайы мектеп-интернат директоры Қабазова Үміт Үмбетқызы мараптталды.

Мерекелік шараға жиналған халыққа аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.