Махамбет аудандық әкімдігінің қолдауымен, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жастар орталығының құрылғанына 10 жыл толуына орай, «Жыл үздігі – 2023» шарасы өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Шара барысында 10-жыл ішінде жастар орталығында қызмет атқарған жастарды аудан әкімі Қайрат Есқабылұлы алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, шара барысында жыл үздіктері анықталып, тиісті номинацияларды иеленді. Атап айтқанда, олар – үздік жас өрт сөндіруші Насимов Асылхан, полицей Құрманғалиев Алтынбек, спортшы Сайын Медет, кәсіпкер Самешова Назерке, мұғалім Нұрбол Хамзин, би тобы “Тұмар”би тобы, әнші Таңатова Әсел, дәрігер Аманғалиев Мақсат, мәдениет қызметкері Байахмет Нұрболат, мобилограф Шәкір Сағыныш, суретші Майемеров Исатай.