Махамбетте бір күнде төрт әкім тағайындалды

Махамбет ауданында төрт ауылдық округ әкімі тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Махамбет ауданы әкімінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №31 өкімімен Төлеген Алмас Ұзақбайұлы Есбол ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Ол 1974 жылы 20 наурызда Атырау облысы, Исатай ауданы, Новобогат селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Тағайындалғанға дейін 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымын атқарып келді.
Махамбет ауданы әкімінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы №34 өкімімен Зулхашев Сейлбек Шаудирович Бейбарыс ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Ол 1991 жылы 30 маусымда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Тағайындалғанға дейін 2021 жылдың 1 қарашадан бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау қалалық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымын атқарып келді.



