Махамбет ауданында көшелерді жарықтандыру және көркейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Биылғы жылы Махамбет ауылының Жаңа ауыл мөлтек ауданындағы 11 көшеге көше жарық шамдары орнатылып, іске қосылды. Атап айтқанда, Е.Серкебаев, Избулов, Ә.Тұхфатов, Жәңгір хан, №1, №2, №3, №4 көшелері, К.Әзірбаев және Шұғыла мөлтек ауданындағы Қ.Ахмедяров көшесі жаңа шамдармен жабдықталды.
Сонымен қатар, ауыл ішіндегі сәулеттік келбетке нұқсан келтіріп тұрған электр бағаналарын ықшамдау жұмыстары да қолға алынды. Мәселен, Оңайбаев көшесінде қолданыста жоқ бағаналар мен ескі ДРЛ шамдары алынып тасталды. Алтынсарин көшесінде ағаш бағаналар мен 11 дана артық бағана жойылды. С.Торайғыров, Д.Қонаев, Избулов көшелеріндегі артық электр бағаналары да алынып тасталса, Д.Нүрпейісова көшесінде ескі ағаш бағаналар жойылып, тұрғын үйлер бетон бағаналардағы желіге қосылды.
Бұдан бөлек, аудан келбетін арттыру мақсатында қоғамдық ғимараттар мен көшелер түрлі түсті жарық шамдармен және сәндік безендірулермен әрленуде.
Аталған жұмыстар ауданның инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Аман ШАМАР
