Мақаттықтар абаттандыру мәселесін көтерді

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті мәлім етті. Мобильді топтың негізгі мақсаты заңға сәйкес халықтың өзекті мәселелерін жедел шешу, өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Мақат ауданының 40-қа жуық азаматы еріктілерге жүгінді. Азаматтар ауданды абаттандыру, тұрғын үй, жер мәселелеріне қызығушылық танытты. Тұрғындардың барлық сұрақтарына мамандар тиісті түсініктемелер берді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ