Жаңа жыл қарсаңында ашылған ойын алаңдары Мақат ауданына қарасты Бәйгетөбе ауылында орналасқан, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ресми іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова қатысып, салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін алаңдардың балалар үшін маңыздылығына тоқталды. Оның сөзінше, мұндай жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады
Балалар игілігіне ашылған әр нысанда әткеншектер, сырғанақ сияқты 19 ойын жабдығы және спорттық құрылғылар орнатылған. Олар түрлі жастағы балалар үшін қолайлы, заманауи стандарттарға сәйкес жасалған.