Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасамайды

Алдағы мереке күндеріне байланысты еліміздің ХҚКО-лары мен МХҚО-лары 28 маусым мен 6 шілдеде жұмыс істемейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Айта кетейік, 7 және 8 шілдеде сағат 13:00-ге дейін азаматтарды кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лары қабылдайды. Сонымен қатар, 1 шілдеде еліміздің ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары үшін жұмыс күні болып есептеледі. Бұл күні ХҚКО-лар 18:00-ге дейін, МХҚО-лар 20:30-ға дейін азаматтарды қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік автокөлікті заңдастыру кезеңі аяқталғаннан кейін еліміздің МХҚО-лары жұмыс күндері сағат 9:00–ден 19:00–ге дейін (құжаттарды беру-20:30-ға дейін), сенбі күні-9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) жұмыс істейді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ