Халыққа қызмет көрсету орталықтары мерекеде жұмыс жасай ма?

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріндегі жұмыс кестесі туралы белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мемлекеттік корпорация Жаңа жыл мерекесіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары қаңтардың 1 мен 2 күндері жұмыс істемейтінін хабарлайды. 3 қаңтардан бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында қабылдайды. Кезекші ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ