Халыққа қызмет көрсету орталықтары 30 тамызда жұмыс жасай ма?

Елімізде Конституция күнін мерекелеуге байланысты 30 тамызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар азаматтарды қабылдамайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

31 тамызда ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмысын жалғастырады. Олар азаматтарды әдеттегі кесте бойынша қабылдайтын болады. Қалыпты режимде ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Шақыру бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.