Қазақстанда баспа қызметі саласындағы қызметтер өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда баспа ісінде көрсетілген қызмет көлемі - 61,5 млрд теңге.
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем 3,6%-ға өсті.
Оның 57,5 млрд теңгесін кәсіпорындар, 4 млрд теңгесін жеке кәсіпкерлер қамтамасыз еткен.
Ауылдық жерлерде көрсетілген қызмет көлемі - 2,1 млрд теңге.
Қызметтердің басым бөлігі Алматы (29 млрд) және Астана (16 млрд) қалаларында көрсетілген.
Өңірлер арасында баспа қызметіндегі қызметтердің ең көп көлемі Атырау (2 млрд.), Қарағанды (1,9 млрд.) және Қостанай облыстарында (1,3 млрд.) байқалды.
Ең аз қызмет 134 млн теңгеге Абай ауданында көрсетілген.
Кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі 57,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 49,8 млрд теңге, ірі кәсіпорындар – 1,1 млрд, орта кәсіпорындар – 6,7 млрд теңге.