29 «мамыр», 2023 44

Қазақстанда 15,1 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс жасайды


2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 080 және 891 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. Оларда 411,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 317 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам (10%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам (10%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ), өңдеу өнеркәсібі –  960 адам (7%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 652  адам (24%), Өзбекстан – 1 843 адам (12%), Үндістан – 1 741 адам (12%), Түркия – 1 534 адам (10%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

Облыс әкімі Серік Шәпкенов ХІХ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

Бүгін, 18:00

Атырауда түнгі тыныштықты бұзған мейрамханаға айыппұл салынды

Бүгін, 16:33

Мешітте баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды

Бүгін, 15:00

Атырау қаласындағы «қоқыс коллапсы» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Бүгін, 14:11

Танымал әуе компаниясы балаларға арналған 50% жеңілдікті орындамаған

Бүгін, 13:25

Биыл заңсыз айналымнан 745 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін, 11:52

Атырауда қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Бүгін, 10:38

Аймақ басшысы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін, 09:00

Аймақ басшысы «Atyray’» газетінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады (+ФОТО)

Кеше, 18:14

Атырауда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтпек

Кеше, 18:08

Ташкентте 163 адам жарақат алып, 1 жасөспірім қаза тапты

Кеше, 18:07

"Атырау" газетінің ғасыр тойында жаңа кітаптар жарық көрді

Кеше, 17:40

"Жер шары 250 млн жылдан соң жарамсыз болуы мүмкін"

Кеше, 17:04

Қазақстанда арнайы жасақ туралы фильм көрсетілмек

Кеше, 16:08

Атыраулық жүргізушінің төленбеген 20 айыппұлы бар екені анықталды

Кеше, 15:03

Атыраулық батальонның батылдығы көпті сүйсіндірді

Кеше, 14:07

«Атырау»  газетінің ғасырлық мерейтойына көрме ашылды

Кеше, 13:41

Атыраулық парадзюдошылар қола жүлдеге қол жеткізді

Кеше, 12:03