Қызылқоға көшелеріне жарық жүргізілді

Қызылқоға ауданына қарасты бес ауылдық округке жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қызылқоға ауылдық округі (Қарабау) ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, жауапты мердігер мекеме “Inven Team” ЖШС-гі арқылы ұзындығы 1,1 км болатын кіреберіс жол бөлігіне 44 дана жарықшамдар орнатылды. Бұл туралы облыстық энергетика басқармасының мамандары мәлім етті. Сондай-ақ, бұл жұмыстар Қаракөл ауылдық округінде де жалғасын тапты. Аталған округте “Еламан Ойл” ЖШС-нің мердігерлерімен 2,3 км кірме жолға 75 дана жарықшамдар орнатылып, іске қосылды.

Ал, Тасшағыл ауылының кірме жолын жарықтандыру бойынша жеңімпаз мердігер «Жайық Сити» ЖШС-гі арқылы 2,8 км болатын кірме жолға барлығы 105 дана жарықшамдар орнатылып, іске қосылды.

Жангелдин ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша өткен жылы 0,920 км болатын көше жарықтарын «Inven Team» ЖШС-гі арқылы округ көшелеріне 37 дана жарықшамдар орнатылды.

Сонымен бірге, Тайсойған ауылының кірме жолын жарықтандыру бағытында 2,8 км кірме жолына 174 дана заманауи жарықшамдар орнатылып, іске қосылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ