Қазіргі таңда өзеннің 2 шақырым аумағы абаттандырылып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Аталған жұмыстар Атырау облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен, «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Мердігер мекеме – «Орлан» ЖШС. Құрылыс жұмыстары былтыр желтоқсан айында басталып, биыл қыркүйек айына дейін аяқталады деп күтілуде.
Мұнда жаяу адам жолы салынып, өректастар төселуде. Сондай-ақ 203 шам орнатылып, 343 терек отырғызылып, 103 отырғыш пен 103 қоқыс жәшігі (урна) қойылмақ.