Құрманғазы-Атырау бағытындағы жолаушылар тасымалдайтын автобусқа онлайн билет сатып алу іске қосылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аудан әкімдігінен білгеніміздей, Құрманғазы-Атырау бағытындағы жолаушылар тасымалдайтын автобусқа онлайн билет сатып алу іске қосылды. Ендігі кезекте жолаушылар билетін алдын-ала https://akzhayik-avtopark.kz/ бағдарламасы арқылы сатып ала алады. Атырау қаласының автобекетінен автобус сағат 07:50, 12:10, 19:00-де, ал Құрманғазы ауданы Қазақтелеком мекемесінің алдынан сағат 06:00, 11:00, сағат 17:00 –де қозғалады.
Айта кетейік, біз бұған дейін аталған бағытта жаңа автоубстың жолға шыға бастағанын жазған болатынбыз. Одан кейін автобусқа жолаушылардың таласа мінуінен келеңсіздік орын алған еді. Сондай-ақ, Atyraubus.kz бағдарламасы іске қосылғаны да айтылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ