Қиындыққа тап болған атыраулықтарға қаражат бөлінді

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Атырау Қаласының Әкімдігі жанынан “Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның өтінішін қарау бойынша” құрылған арнайы комиссияның кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Н.М.Ермұхановтың төрағалық етуімен өткен комиссияда жалпы 48 адамның өтініштері қаралып, 41 өтінімге бір жолғы әлеуметтік көмек тиесілі деп шешіліп,оларға 2 200 750 теңге бір жолғы әлеуметтік көмек бөлінді.

Атап айтқанда, мүгедектігі бар 2 адамға 130 000 теңге, бала мүгедек бағып отырған 7 адамға 480 000 теңге, аз қамтылған 5 жанұяға 193 500 теңге, қатерлі ісікке шалдыққан 17 адамға 879 750 теңге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, пробация қызметінің есебінде тұрған 10 адамға 517 500 теңге бөлінді. Комиссия мүшелері бас тартылған 7 адамның өтінімдерін бас тартылу себебін зерделеп қарап,тиістілігін қабылдады. (жанұясының орташа табысы күн көріс деңгейінен асып кеткендер, әлеуметтік тұрмыстық жағдайы бойынша жүргізілген зерделеу қорытындысымен мұқтаждық анықталмаған, тапсыруға тиісті құжатты толық болмаған, жергілікті бюджеттен басқа да қаржылай көмек алып отырған т.б.)