Қазақстанда "кәсіби асырап алушы отбасылар" пайда болмақ

Қазақстанда алдағы уақытта құрылатын "кәсіби асырап алушы отбасылар" қандай болатыны белгілі болды. Бүгін тиісті заң жобасын депутаттар қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олар бұл тәжірибені балалар үйі мен интернаттағы балаларды "кәсіби асырап алушы отбасыларға" беру арқылы олардың санын азайту үшін енгізбек. Әр баланы бағуға мемлекет ай сайын белгілі бір соманы төлейтін болады. Депутаттар мен шенеуніктер бұл мәселені әлі де қарап жатыр. 

Сонымен қатар айына ата-ана еңбегі үшін 70 АЕК төленеді. Ал бұл шамамен 250 мың теңге.

Бұл ретте бір "кәсіби жанұяда" ең көбі төрт бала тәрбиеленеді, оларды ерлі-зайыптылар да, жалғызбасты әйелдер де асырай алады. Алайда олардың жасы 30 бен 53 жас аралығында болуы тиіс.

"Бір "кәсіби асырап алушы отбасында" төрт бала тәрбиеленеді. Асырап алушының жасы 30-дан 53-ке дейін болуы тиіс. Ал "кәсіби асырап алушы отбасы" мәртебесін алуға өтініш білдірген ата-аналар психологиялық дайындықтан, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан аккредитациядан өтуі керек", –деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Фото: pixabay.com