Оrken.otbasybank.kz порталында жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру рәсімі басталды. Бұл – түгендеуден (инвентаризациядан) өту үшін міндетті кезең!
—
Инвентаризация деген не:
1. Тұрғын үй кезегін тексеру
– Жүйе сіздің мәліметтеріңізді әкімдік (ЖАО) базасымен салыстырады.
2. Мемлекеттік органдармен деректерді салыстыру
– Отбасы құрамы, табыс, тұрғын үйдің болмауы және басқа мәліметтер расталады.
3. Отбасы банкінің тұрғын үй бағдарламаларына қатысу
– Келісімсіз банк сізге бағдарламаларға қатысуды ұсына алмайды.
4. Заңнамалық талап
– ҚР «Жеке деректер туралы» Заңына сәйкес, деректер тек келісім болған жағдайда ғана өңделеді.
—
Келісімге қол қою - техникалық, бірақ міндетті қадам. Бұл сізге тұрғын үй бағдарламаларына кезектегі азамат ретінде қатысуға мүмкіндік береді.
*Маңызды: тек KEZEKTE.KZ порталынан көшірілген азаматтарға қатысты.