Индердегі үш елді мекенге интернет желісі қосылды

Жарсуат ауылдық округіне қарасты Кетебай, Қызылжар және Ақтан елді мекеніндерінде жоғары жылдамдықты интернет желісі орнатылып, тұрғындарға сапалы байланыс қызметі қолжетімді болды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

⁃ Әсіресе, аудан орталығынан қашық орналасқан Кетебай ауылында интернеттің қолжетімді болуы жергілікті халық үшін үлкен қуанышқа айналды. Енді ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алып, қашықтан білім алу және түрлі цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндігіне ие болды, - деді Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының бөлім басшысы Аманат Табылдиев.

Бұл елді мекендерде 37 тұрғын үй бар, онда 160-қа жуық адам тұрады. Сала мамандарының сөзінше, жоба – ауылдардың әлеуметтік және экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған маңызды жұмыс.