Индер ауданында «FSM Social» жүйесіне 70 адам тіркелді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Индер ауданында «FSM Social» мобильдік қосымшасын енгізу аясында «Әлеуметтік қызмет көрсетудің интеграцияланған моделі» жобасы бойынша оқу семинары өтті. Іс-шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Семинар барысында мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері мен жүйеде жұмыс істеу ережелері таныстырылды. Мобильді топ құрамына полиция бөлімі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, денсаулық сақтау және білім беру салаларының өкілдері тіркеліп, оқудан өтті.
“FSM Social” жүйесі әлеуметтік қызметтерді көрсету процесін цифрландыруға бағытталған. Бұл қосымша арқылы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген азаматтардың материалдық жағдайын тексеру үдерісі автоматтандырылып, учаскелік комиссиялардың жұмысы жеңілдетіледі.