Эпидемиологтар атыраулықтарға ескерту жасады

Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мамандардың айтуынша, монша мен саунадағы ылғалды орта түрлі микроорганизмдердің, мысалы, түрлі тері аурулары қышыма, дерматомикоз, соның ішінде трихофития, микроспория тағы басқалардың көбеюіне және өсіп өнуіне қолайлы болып келеді.

"Біріншіден, монша және саунаға барған кезде әрбір адам жеке гигиенасына аса көңіл бөлу қажет. Монша ішінде жеке резеңке аяк киімдерді және жеке гигиеналық заттарды пайдаланған жөн. Моншалар мен сауналарда жеке қолдану үшін және пакеттерде берілетін таза және құрғақ заттар (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза заттар пайдаланылғандардан бөлек сақталады. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар болуы шарт. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім кептіріліп, пакеттерге сақталуы тиіс. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер қолданылады. Моншалар мен сауналардың үй-жайларында тазалық сақталады. Кәріз траптарының бітеліп қалуына және еденде лас судың жиналуына жол берілмеуі аса мән берілу қажет. Теріңіздегі іріңді және тағы басқа да жұқпалы тері аурулар белгілері анықталған жағдайда қоғамдық монша, сауналарға толық жазылғанша баруға тыйым салынады" дейді мамандар.