2024 жылдың 27 қыркүйек күні «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Мақат ауданына арнайы іс-сапармен келген болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталған кездесуде аудан әкімі Азамат Мамбетов тұрғындардың кездесулерде теміржол саласы бойынша көтерген орталық деңгейде шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді айтқан еді. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір сол көтерілген мәселелер жан-жақты зерделеніп, оң шешімін табуда. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» АҚ-нің мәліметіне сәйкес №29 және №30 «Атырау-Шымкент» бағытындағы жолаушалар поезы 10 минут, «Шымкент-Атырау» бағытындағы жолаушылар поезы 7 минутке Доссор стансасына аялдайтын болды. Жалпы, бұған дейін аталған жолаушылар поезы Доссор кентіне тоқтамаған болатын. Ал, қалған мәселелер кезең-кезеңімен оң шешімін табатын болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ