Елімізде балалар контетін дамытуға арналған «Қазақанимация» құрылады

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі «Қазақфильм» киностудиясының базасында құрылады» деп хабарлайды ATPress.kz

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев отандық кинорежиссерлермен кездесуі барысында айтты.

«Мен осыған дейін де балаларға сапалы және көруге лайықты анимациялық фильмдер қажет екенін айтып келемін. Биылғы жылы. Жыл соңына дейін кемінде он пилоттық анимациялық жобаны ұсыну жоспарланып отыр. Мемлекет анимация саласындағы креативті идеялар мен жобаларды қолдауға дайын. Бұл жұмыс өз жемісін беретініне және бәсекеге қабілетті отандық өнім алатынымызға сенімдімін», - деп атап өтті министр.

Сурет: ашық дереккөзден