Доссорда жаңа мөлтекаудан бой көтермек

Доссор кентінің батыс жақ бетінде тұрғындарға жер берілуі үшін инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көлемі 98 гектарды құрайтын құрылыс алаңына өткен жылдың шілдей айынан бастап инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілуде. Қазіргі таңда су желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Тапсырыс беруші болып саналатын аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Болатбек Сәрсеннің айтуынша, сумен, электрмен және газбен жабдықтау жұмыстары 2024 жылға дейін жалғасатын болады. Нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аудан бойынша кезекте тұрған 452 тұрғынның барлығына жер берілмек.

Айта кетейік, Доссор кентінде 14 мыңнан астам тұрғын бар.