Денсаулық – басты байлық

Бүгін нақты сайлау қорытындысы шығып, оған Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қол қойды. Әрбір отандасымыз өз таңдауын жасап, сайлауға қатысты.

Қазақстандықтардың сенімі мен қолдауының нәтижесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 81,31% дауыс жинап жеңіске жетті. Оған  6 456 392 сайлаушы  дауыс бергені белгілі болып отыр. Сайлауда еліміздегі бүкіл сайлаушының 69 пайызы өз таңдауын жасаған.

Менің айтқым келгені, осы сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамытуға арналған сайлауалды бағдарламасы  халық үшін бірқатар игілікті істерді қамтиды. Соның біріне тоқталар болсақ, экономикалық бастамаларды ғана емес, әлеуметтік қызметтерді айтарлықтай жақсартуды көздейтін ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді. Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылда сапалы медициналық көмек көрсету үшін 700 жаңа медициналық нысан ашылады.

Нәтижесінде жалпы, төрт миллионнан астам ауыл тұрғыны қосымша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтылады. Осының өзі халыққа деген қамқорлықтың шынайы көрінісі. Жақын арада Қадыр ауылында да жаңа медпункт ашылғалы отыр. Мұның бәрімен танысқан соң, елге болсын деген ниетпен жүретін медицина саласының қызметкері  ретінде бойымды қуаныш кернеді. Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендеп, гүлдене берсін

Римма Ғабдушева,

Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы