Дау-дамайды сотқа бармай шешуге болады

Атырауда «Медиация кабинетінің ашық есік күні» республикалық акциясы өтті.

Медиация – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басым бағыттарының бірі. Атырау облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинеті тараптар қақтығысының деңгейін төмендету мәселесі бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда. Оның ішінде Қазақстан халық ассамблиясы Қоғамдық құрылымдарын және мүдделі уәкілетті тұлғаларды шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Акцияда «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ғани Сағындықов әркез бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

- Медиаторлар - саяси этникалық ортада ешқандай сөгіс пен жанжалға жол бермейтін, керісінше дау-дамайды болдырмау және әділетті түрде шешетін, ең бастысы – адамдардың мәселелерін қабылдай алатын келіссөз жүргізе алушылар. Этникалық қақтығыстарды тоқтату өте қиын екенін бәріміз білеміз. Міне осы құбылыстың алдын алу үшін біз сіздермен үнемі бірге жұмыс істеуге дайынбыз,- деді Ғ.Сағындықов.

Іс-шараның модераторы, «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық медиаторы қатысушыларды Медиация кабинетінің қызметімен таныстырды. Спикер этномедиацияның өзектілігіне баса назар аударып, бұл ретте алғашқы қадамдар жасалғанын, яғни «Этносаралық жанжалдар және олардың алдын алу», «Дағдарыстық және қақтығыстық жағдайларға әрекет ету алгоритмі» семинар-тренингтері өткізілгенін атап өтті. Одан бөлек жаңа әдістің артықшылықтары мен пайдасына тоқталды. Жұмыстың жаңа әдістері бойынша ұсыныстар жобасымен таныстырды.

Басқосу медиаторлар өз тәжірибесінде кездесетін проблемалық мәселелерді айтқан диалог алаңымен аяқталды. Барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, кеңестер айтылды.

Фотосуретті түсірген: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ