Бұралқы иттердің адамдарға, әсіресе балаларға шабуыл жасауына жол бермеу керек.
Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тағы бір мәселе. Мүмкін бұл президенттік деңгейдегі мәселе емес те шығар. Бірақ, ол жайында айтуыма тура келіп отыр. Маған барлық облыстан бұралқы иттерге қатысты үнемі шағым түседі. Тиісті заңамаға сілтеп, билік өкілдерінен ешкім онымен айналыспай отыр. Бірақ, мұндай жолмен жүріп, жағдайға бақылау жасаудан айрылып қалуымыз мүмкін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұралқы иттердің адамдарға, әсіресе балаларға шабуылдауы мүмкін екендігі жайлы ақпараттардың таралып жатқанына назар аудартты.
«Иә, біз жан-жануарларға қамқорлықпен қарауымыз қажет. Бірақ. Олардың адамдарға, әсіресе балаларға қатысты шабуылына жол бермеуге тиіспіз. Бұған қоса, бұралқы иттердің шабуылына тап болғандардың саны артып келеді. Бұған жол беруге болмайды. Барлықтарыңыздан іс-шара қабылдауды тапсырамын. Тағы да қайталап айтамын. Мүмкін бұл президенттің деңгейдегі мәселе емес шығар. Бірақ, бұл жайында айтуға тура келді. Осы мәселеге қатысты адамдар шағымданып жатыр», - деді Президент.
Фото: ec-sport.kz