Қыстың қытымыр аязында Береке ықшамауданының тұрғындары талай рет жылусыз қалған еді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оған себеп, көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтушы Д-150 мм магистралды жылу жүйесінде бірнеше рет апатты жағдайлар орын алды. Жауапты мамандардан білгеніміздей, аталған жылу желісі үш жылу пунктісі арқылы Береке-1, 2 және 3-ықшамаудандарындағы 36 үйді қамтиды. Күні бүгін жылу желісіне техникалық күтіп-ұтсау қызметін көрсетуші “Атырау Жылу Жүйелері” АҚ тарапынан толықтай жөндеу жұмыстары өткізіліп, толық пайдалануға берілді.
Қазір 2023-2024 жылдарға арналған күзгі-қысқы маусымға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ