Екі күндік іс-шараға Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 35 және 50 жастан жоғары тәжірибелі волонтерлер қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
⁃ Слеттің алғашқы күні пленарлық сессия өткізіліп, қатысушылар әлеуметтік жобаларды жазу және іске асыру бағытындағы тренингтерге қатысты. Ал екінші күні демалыс орнында тимбилдинг ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті, - деді облыстық Ішкі саясат басқармасы «Азаматтық орталық» КММ басшысы Жанат Досқалиева.
Ақтау қаласынан келген қоғам белсендісі Мир Жайлиевтің айтуынша, мұндай іс- шаралардың еріктілер үшін маңызы зор.
— Волонтерлікпен 30 жасымнан бастап 12 жыл бойы айналысып келемін. Қайырымдылық, сенбілік және экологиялық шараларға белсенді қатысамын. Осындай жиындар бізге жаңа ақпарат алуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді,- деді ол.
Бүгінде Атырау облысында 50-ден астам волонтерлік ұйым тіркелген, олардың ішінде 14 ұйым тұрақты және белсенді жұмыс істеп келеді. Көпшілігі қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асырумен айналысады.