Атыраулық полицейлер шетелдік азаматшаның туысын тауып берді

12 ақпан күні 102 арнасына 1947 ж.т. Ресей Федерациясының азаматшасы хабарласып, өзінің Санкт-Петербург қаласынан Атырауға туыстарын іздеп келгенің алайда таба алмай жатқаны жөнінде хабарлама берген.

Аталған хабарлама бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлері полиция майоры Самалбек Бегалиев пен полиция капитаны Арон Кенжебекұлы жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, іздестіру нәтижесінде Ресей азаматшасының туыстарын тауып беріп, оларды кездестірген. Полиция қызметкерлерінің кәсібилік әрекеттеріне риза болған шетелдік азаматша өз алғысын жазбаша түрде Полиция Департаментіне жолдайды.

- Атырау қаласында туған апам тұратын еді. 40 жыл бойына көріспеген соң өзім іздеп осында келдім. Алайда оның қайда тұрып жатқаның білмей туыстарымды таба алмай шарасыз күйде қалдым. Амалым қалмаған соң полиция қызметкерлерін шақыртып олардан көмек сұрадым. Полиция қызметкерлері жедел түрде менің туыстарымды тауып, олармен кездестірді. Шетел азаматшасы ретінде полиция қызметкерлерінің қырағылық қасиеттеріне тәнті болдым. Әрі менің өтінішімді жерге қалдырмай көрсеткен көмектері үшін үлкен ризашылығымды білдіремін, - деді туыстарымен кездескен Ресей азаматшасы.