Атыраулық Айгерім Жәрдемқызы жаңа қызметке тағайындалды

Досқалиева Айгерім Жәрдемқызы Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Айгерім Жәрдемқызы 1990 жылы 21 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2012 жылы – «Евразия» академиясын «ақпараттық жүйелер», 2016 – жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «құқық» мамандықтары бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2009 жылы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінде «Жастар практикасы бойынша іс жүргізуші» қызметінен бастаған. 2010-2012 жж «Дастан Атырау» ЖШС-де оператор; 2013-2016 жж «Healthe Care Atyrau» ЖШС-і, дербес база координаторы, келісімшарт жүргізу координаторы; 2015-2017 жж «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының директоры; 2017 ж «Атырау қаласы Жастар ресурстық Орталығы» КММ-і басшысының орынбасары; 2017-2021 жж «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық Орталығы» КММ-нің директоры; 2021-2023 жж «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының атқарушы директоры; 2021-2022 жж Маңғыстау облысы әкімінің Жастар саясаты мәселелері және азаматтық қоғамды дамыту бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарған.