Атыраулық атақты еріктілер жастармен кездесті
Халықаралық волонтерлер күніне орай өңірдегі еріктілермен IQ зияткерлік конференциясы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
50-ге жуық белсенді жастар жиналған конференцияда қалалық Мәслихат депутаты, әлеуметтік волонтер Мейрамгүл Есниязова, сондай-ақ «Жас қауым» еріктілер тобының жетекшісі Нұргүл Құрманғалиева, «Теңіз жүрегі» жобасының жетекшісі Рысты Жексенбаева, блогер Дария Ерболатова, «Help Today» қоғамдық қорының төрағасы Эльмира Алиева волонтерлердің қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
(Еріктілерден алған сұхбатымызды алдағы уақытта сайтымызда жариялайтын боламыз. Редакция)