Атыраудың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Бұрын мұнайлы астананы басқарған азамат жоғары лауазымға тағайындалды

2018-2020 жылдары Атырау қаласының әкімі болған Әлимұхаммед Құттымұратұлы Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

Айта кетейік, ол 1983 жылы 12 тамыз күні Ақтөбе облысы Хромтау қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономика, 2012 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетінің құқықтану факультетін аяқтап, 2017 жылы Ресей Федерациясы жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және муниципалдық басқару жөніндегі мамандығы (Master of Public Administration (MPA) бойынша білім алған.

Ал, еңбек жолын 2004-2006 жылдары Ақтөбе қаласында коммерциялық мекемелерде жабдықтаушы болып бастады.

2008-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бас маман;

2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бөлім басшысы;

2012 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары;

2012-2013 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;

2013-2016 жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы;

2016-2017 жылдары Махамбет ауданының әкімі;

2017-2018 жылдары Жылыой ауданының әкімі;

2018 - 2020 жыдары Атырау қаласының әкімі;

2020 жылы «Жайықмұнай» ЖШС бас директорының орынбасары;

2021 жылдың 12 қараша айынан бастап Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары қызметінде болды.