Облыс орталығында қала әкімдігінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress.
15-маусым күні сағат 10.00-13:00 аралығында өтетін жәрмеңкеге 20-дан астам жұмыс беруші мекемелердің өкілдері қатысады.
Жәрмеңке Жәңгір хан даңғылы, 72Б мекенжайы бойынша орналасқан «APEC training center» орталығында өтеді. Жұмыс іздеген жастар міндетті түрде өзімен бірге түйіндемесінің бірнеше данасын алып келуі керек.
Бұл шарада Жастар бағдарламасымен танысуға, шетелдік компаниялардағы жұмыс орындары туралы білуге, қысқа мерзімді оқулар мен жазғы маусымдық жұмыстар жайлы ақпарат алуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша +7 778 488 18 95, +7 778 232 21 40 нөмірлеріне хабарласыңыздар.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА