Атырауда жеңілдікпен берілетін елу шақты баспана салынып жатыр

Биыл бес ауданда NCOC компаниясының әлеуметтік бағдарламасы аясында үш қабатты алпыс пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы басталмақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Исатай, Қызылқоға, Махамбет, Құрманғазы, Мақат аудандарында бес үш қабатты алпыс пәтерлі үй салу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті.
«Биыл 730 шаршы метр тұрғын үй аумағы пайдалануға берілмек. Қазір жалға беру бойынша 10 және несие бағытында 38 көпқабатты үй салынуда» дейді ол.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ