Атырауда тегін тіл үйрену курсы басталды!

"Былина" қазақ тілін үйренуге шақырады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы ҚХА "Былина" орыс этномәдени бірлестігінің "Былина" Халық кітапханасы жанынан ұйымдастырған мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша жоба іске асырылуда. Мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылық танытқан жандардың жас деңгейі әртүрлі: ересектер де жасөспірімдер де белсенді қатысуда.

- Бұл курстың мақсаты – қазақ тілін үйрену. Қоғамда өздеріне қажетті сөздерді еркін сөйлеу, ойларын жеткізіп айту. Қазақ тілін оқыту курсы қараша айынан басталған болатын. Әр сенбіде 15 шақты адам сабаққа келеді. Барлығының ниеті қазақ тілін үйрену. Күнделікті тақырыпты өздері таңдап, сұраныс білдіреді. Жас ерекшеліктеріне қарамастан жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Орыс ұлтының тілді үйренуге деген сүйіспеншілігіне ризамын, - дейді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Құралай Ғибратжанқызы.

Айта кетейік, қазақ тілін деңгейлеп оқыту курсы әр сенбі сайын сағат 10.00-11.00 аралығында Махамбет көшесі 121Б. "Колизей" сауда орталығының 2 қабатында орналасқан "Былина" халық кітапханасында өтеді. Қатысамын деушілерге есік ашық.