Атырауда шетелдік жұмысшылар көбейеді

Атыраулық шаруагерлердің ұсынысымен биыл шетелдік жұмыс күшінің маусымдық қызметі үшін 800 квота бөлінді.
— Біздің негізгі мақсат – шетелдік жұмыс күшін азайтып, жергілікті адамдарды жұмыспен қамту. Алайда, шаруагерлердің ұсынысын ескеріп, биыл маусымдық квота санын 800-ге көбейттік. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп,- басқарманың бөлім басшысы Мейрамбек Алдияров.
Айта кетейік, маусымдық қызметтер ақпан айының 15-де басталып, қарашаның 15-де аяқталады. Ал, жылыжай қызметтері жыл бойы жүргізіледі.