Атырауда үш ауданда жыл соңына дейін 60 пәтерлік үйлер пайдалануға беріледі

Атырау облысының үш ауданында жыл соңына дейін 60 пәтерлік үйлер пайдалануға беріледі, деп хабарлайды AtyrauPress 24 kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті атқарушы органдар өңірдегі құрылыс жұмыстарының барысын түсіндіре отырып мәлімдеді.

Махамбет, Исатай және Мақат аудандарында салынып жатқан үш көпқабатты үйдің құрылысы желтоқсанда аяқталмақ. Пәтерлер әлеуметтік санаттағы тұрғындарға, кезекте тұрғандарға және ауылға келген жас мамандарға үлестіріледі. Махамбет ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы келген жас маман Ержан Асқарұлы биыл баспаналы болып үлгерген. Оның айтуынша, соңғы екі жылда ауданға 12 жас маман келген, олардың бір бөлігі үй алған, қалғаны кезегін күтіп отыр.

Жергілікті билік өкілдері инфрақұрылымның тозуы – жаңа үйлер салудағы басты кедергілердің бірі екенін айтады. Әсіресе аудан орталықтарында кәріз жүйелерінің ескіруі немесе мүлде болмауы құрылыс қарқынына әсер етеді. Осыған байланысты Махамбет пен Құрманғазы аудандарында кәріз жүйесіне арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл жобалар 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқталып, құрылыс басталады деп күтілуде.

Айта кетейік, қазір Атырау облысының бес ауданында көпқабатты сегіз үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2027 жылға қарай тағы 60 пәтерлік он тұрғын үй салу жоспарланған.