Атырауда нәзікжанды полицейлер марапатталды

Полиция​ департаментінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
7 наурыз күні Атырау облысы . Шараға Ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы және жеке құрамы қатысты. Аталған шараны Атырау облысы ПД​ бастығы полиция полковнигі Нұрхат Кенжебайұлы салтанатты түрде ашып, Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың нәзік жанды тәртіп сақшыларына арнаған құттықтауын жеткізді.
- Құрметті нәзік жанды аяулы аналар, арулар баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға әрдайым бақыт тілеймін. Қоғамдағы маңызды әрі қауіпті салада қызмет етіп жүрген нәзік жанды тәртіп сақшыларына алғыс білдіреміз ,-деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Мерекелік жиын барысында «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «ІІ дәрежелі ІІО үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалімен, ІІМ алғыс хаты мен облыс әкімінің және Атырау облысы ПД бастығының алғыс хаттарымен бірқатар әйел қызметкерлер марапатталды.