Атырауда наурыз мерекесіне орай, 500-ден астам әйел адамға азық-түлік таратылды

"Атырауда 8 наурыз мерекесіне орай, тылда еңбек еткен аналарға және әлеуметтік жағдайы төмен әйел адамдарға құрмет көрсетілді" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тікелей  бастамасымен өткен акция аясында
Атырау облыстық жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығы еріктілері  азық-түлік пакеттерін аналардың үйлеріне жеткізіп берді.
Осылайша, акция тылда еңбек еткен әжелерді, әлеуметтік жағдайы төмен жалғызбасты аналарды қамтыды.
Еске сала кетелік, Атырау қаласының өзінде аталған санаттағы  170 адам тұр. Облыс бойынша әлеуметтік осал топ санатында 500-ден аса адам бар.