Атырауда жыл басынан бері мансап орталықтарына мүгедектігі бар 578 адам жүгініп, оның 492-сі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Биыл 8 арнайы жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. ӨКҚ мәліметінше, 304 адамға кәсіптік бағдарлау қызметтері көрсетілді.
– Бүгінде 25 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 111 адам қоғамдық жұмыстарға, 2 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 жас түлек жастар практикасына жолданды. Сонымен қатар «Күміс жас» жобасымен 2 адам қамтылып, 23 азамат «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытылды. Бұдан бөлек, 304 адамға кәсіптік бағдар беру қызметі көрсетілді. Арнайы жұмыс орындарында 24 адам еңбек етуде, – деді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бас маманы Мөлдір Қабышева.
Мамандардың айтуынша, мүгедектігі бар азаматтарды квота арқылы жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта 439 мекеме белгіленіп, тұрақты мониторинг жүргізілуде.