Атырау облысы әкімі С.Шапкеновтің тапсырмасына сәйкес қала әкімдігі және Дина базары әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық акция аясында 25-29 тамыз аралығында Дина және Насиха сауда үйінің аумағында жәрмеңке ұйымдастырылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгінгі Дина базарында өтіп жатқан жәрмеңкеде 20 дан астам кәсіпкерлік субъектілері қатысуда. Жәрмеңкеде оқушылардың мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтары нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылуда, ал кейбір кәсіпкерлердің өнімдеріне 30-50% дейін жеңілдіктер бар.
Айта кетейік, аталған жәрмеңке 25 тамызынан бастап 29 тамызға дейін жалғасады.