Атырауда мамандықтар жәрмеңкесі өтпек

Облыстық ішкі саясат және білім беру басқармалары бірлесіп Жайық өзенінің жағалауында «Welcome to college» мамандықтар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жәрмеңке 23 маусымда сағат 19.00-де Атырау қалалық әкімдігінің маңында өтеді. Онда мамандықтардың кең таңдауы, академиялық мобильдік, өндірістегі тәжірибе, ақысыз білім алу, стипендия алу мүмкіндігі ұсынылады.

Жәрмеңкеге қатысатын оқу орындары:

1) С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі;
2) Атырау индустриалды колледжі;
3) Атырау энергетика және құрылыс колледжі;
4) Атырау көлік және коммуникация колледжі;
5) Атырау аграрлы техникалық колледжі;
6) Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі;
7) Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы музыкалық колледжі;
8) Атырау жоғары медициналық колледжі;
9) Атырау бизнес және құқық колледжі;
10) Каспий өңірінің қазіргі замандағы жоғары колледжі;
11) Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжі;
12) Атырау сервис колледжі;
13) «APEC Petrotechnic жоғары колледж» ЖШС;
14) Атырау жоғары көпсалалы болашақ колледжі

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ