Атырау облысында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау және қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгінде облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ерекше қажеттілігі бар жандарды тасымалдауға арналған 130 инватакси қызмет көрсетеді. Сонымен қатар өңірде мүгедектерді сауықтыру орталығы және 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тұрақты жұмыс істеп, қажетті қызметтерді ұсынып келеді. Бұдан бөлек, Атырау қаласында 150 орындық жаңа оңалту орталығын қолданысқа беру көзделіп отыр.
Осы жылы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 19 мың азамат оңалту техникалық құралдары және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген.
«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 2023–2027 жылдары облыс аумағындағы 1 235 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысаны бейімделген.
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар үшін 8 жұмыс орны құрылған.
