Атырауда қиын жағдайдағы жандарға арналған орталық жұмыс істейді

Мұнда азаматтар алты айға дейін күндізгі ауысымда тұрып, құжаттарын қалпына келтіруге, әлеуметтік көмек алуға, медициналық және психологиялық қолдауға мүмкіндік алады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Орталықта тұрмыстық жағдайын реттеу, еңбекке бейімдеу, жәрдемақы рәсімдеуге жәрдемдесу секілді қызметтер көрсетіледі. Қазір күндізгі бөлімде 15 адам бар, олар тамақ, киім және қажетті көмекпен қамтамасыз етілуде.

Мекеме 60 орындық. Түнгі ауысымда 20 орын қарастырылған. Кешкі уақытта ұтқыр патруль арнайы құрамы көшедегі қараусыз азаматтарды анықтап, орталыққа жеткізеді. Орталық 2000 жылы құрылған, ғимараты 2023 жылы қайтадан салынып, қазір жаңа ғимаратта жұмыс істейді.